Ақмола облысының тұрғыны полицейлерден қашамын деп, өзге көлікті соқты

Сурет: polisia.kz
Полицейлерден қашпақ болған ақмолалық мас жүргізуші өзге көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп бұзушы полицейлердің тоқтау туралы талаптарын елемей, жол-көлік оқиғасын жасады. Оқиға Степногорскіде болған.

Қаланы патрульдеу кезінде "Буран 13" автопатруль қызметкерлерінің назарын Тәуелсіздік даңғылымен жоғары жылдамдықта жүріп келе жатқан Mercedes Benz автокөлігі аударды. Полицейлер бұл көлікті тоқтату туралы шешім қабылдады, алайда жүргізуші тоқтау туралы сигналға жауап бермей қозғалысты жалғастырған. Polisia.kz

Көліктің соңынан еру кезінде құқық бұзушы жақын маңдағы аулаға кіріп, көктайғақ жағдайында тұрақта тұрған Lexus RX 300 автокөлігімен соқтығысып, кейін тоқтауға мәжбүр болды.

Құжаттарды тексеру кезінде полиция 38 жастағы жүргізуші мас күйде көлік жүргізгенін анықтады. Сонымен қатар ер адамның өзі көлік иесі емес болып шықты.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Құқық қорғау органдары мас күйдегі адамға басқару құқығын бергені үшін салонда жолаушы ретінде болған жеңіл автокөліктің иесін де әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады