Рудныйда мас адам әуелі тұрғындарды, кейін полицейлерді пышақпен қорқытқан

Сурет: polisia.kz
3 наурызда сағат 19:30-да Рудный полициясына қала тұрғынынан үйлердің бірінің ауласында ішімдік ішкен ер адам өтіп бара жатқан адамдарға қауіп төндіріп жүргені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнында полиция жасақтары мен учаскелік инспекторлар қала тұрғындарың қорқытқан адамды байқады, ол сонымен бірге полиция қызметкерлеріне де сес көрсеткен. Оның қолында пышақ болды.

"Полиция қызметкерлері оны ұстады. Қазіргі уақытта ол медициналық айықтырғышқа орналастырылды. Ұсақ бұзақылық бойынша полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау және қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік материалдар жиналды". Polisia.kz

Үш факті бойынша шешімді әкімшілік сот қабылдайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады