Талғарлық әйел қызын наркодиспансерге жатқызу үшін екі ер адамды жалдаған

Сурет: OK.RU
Екі ер адам 1986 жылы туған әйелдің пәтеріне заңсыз кіріп, физикалық күш көрсетіп, ұрлап әкеткен. Оны Алматыға әкеліп, зорлықпен наркологиялық клиникаға жатқызған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылғы 27 ақпанда Талғар ауданының полиция басқармасына 1986 жылы туған әйел пәтеріне заңсыз кіріп, физикалық күш көрсетіп, ұрлап әкеткен, Алматыға әкеліп, зорлықпен наркологиялық клиникаға жатқызған бейтаныс адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арыз түсірді". Талғар полиция басқармасы

Талғар ауданы полициясының алдын ала мәліметі бойынша, бұған зардап шеккен әйелдің анасы тапсырыс берген.

"Тергеудің нәтижесінде жоғарыда аталған әйелдің анасы күдікті ретінде анықталды. С.қызын мәжбүрлеп емдемек болып, оны медициналық мекемеге жеткізу үшін екі ер адамды жалдады". Талғар полиция басқармасы

Бұл іс Талғар полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы 2-бөлігі "Адам ұрлау" бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.                

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады