Ақтөбелік жалған қызмет түрін ұсынып, бөтеннің екі көлігін заңсыз меншіктеп алған

Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Ақтөбе полицейлері автокөлік тасымалы қызметімен байланысты алаяқтық қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға Шымкент қаласының тұрғынынан белгісіз адамның Ақтау қаласынан Астана қаласына екі кроссоверін әкеліп беремін деп уәле етіп, ақырында қос көлікті иемденіп алғаны туралы арыз келіп түсті. Жедел іс-шараларды өткізу барысында полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады.

Күдікті өзін "автовоздың" жүргізушісі ретінде көрсетіп, көліктерді жеткізіп беруге уәде бергені анықталды. Содан кейін Ақтөбе қаласына дейін автовоз жалдап, “іздерін жабу” үшін Ақтөбеде автокөліктерді басқа көлікке тиеп, Алматы қаласына жөнелткен. Mitsubishi Montero Sport маркалы екі автокөлік оңтүстік астанада тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің  190-бабының 2-тармағының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алматы
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды