Маңғыстауда салмағы 120 келіден асатын бекіре балығы тәркіленді

Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Полицейлер 26 жастағы күдікті азаматты ұстады. Тәркіленген балық "Kazakh Osetr" ЖШС-ға тапсырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Браконьер" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ағымдағы жылдың 10 наурызында Маңғыстау облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ақтау-Форт-Шевченко тас жолының 29-шы шақырымында табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп "Lada 2112" маркалы күдікті автокөлікті тоқтатты.


"Автокөлікті тексеру барысында жүксалғышта жалпы салмағы 124 келі болатын 33 дана заңсыз ауланған бекіре балығы табылып, тәркіленді. Полицейлер 26 жастағы күдікті азаматты ұстады. Тәркіленген балық "Kazakh Osetr" ЖШС-не тапсырылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді". Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі

Бұл дерек ҚР ҚК 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша Түпқараған ауданы полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырауда Мемлекет басшысының тапсырмасымен Atyrau Creative Hub ашылды

Қазақстанда кішкентай киіктерге GPS-датчиктер орнатылып жатыр

Қазақстан халқы Құрбан айтта қанша күн демалады

LRT неге уақытша тоқтағанын тасымалдаушы түсіндірді

Ұлытау облысында полиция далада адасып кеткен ауыл тұрғынын іздеп тапты