Путин Тоқаевтан 2022 жылдың басында Ресейге келуін сұрады

Сурет: Ақорда
РФ президенті Владимир Путин ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты 2022 жылдың басында Ресей Федерациясына ресми сапармен келуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл ұсыныс ТМД-ның бейресми саммиті аясында Тоқаевпен кездесу кезінде айтылды, деп жазады ТАСС .

Біз сіздерді күтеміз. Қазір қозғаған мәселелеріңіз, менің ойымша, өте маңызды болып табылады. Білім беру де, энергетика да және цифрландыру да тікелей маңызды дүниелер. Егер жыл басында келіп-қайтуға уақыт тапсаңыз, біз бұған қуанышты болар едік. Владимир Путин

28 желтоқсанда ТМД елдері көшбасшыларының бейресми кездесуі өтіп жатыр. Іс-шара барысында Достастық шеңберінде атқарылған бірлескен жұмыстың қорытындылары, көпжақты өзара іс-қимылды дамыту және ұйым қызметінің тиімділігін арттыру перспективалары талқыланады.

Іс-шараға Қазақстаннан ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.

Ресей
Путин Владимир
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Ақтауда ер адам баласын ауруханаға жатқызудан бас тартқан дәрігердің жағасынан алды

Астана көгінде әскери ұшақтар жаттығу жүргізетін болады