"ҚДБ" таңдаулы тұлғалардың жеке банкіне айналған - Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістегі отырыста "Қазақстан даму банкінің" қызметін қайта құрылымдауды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz
Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мен қолжетімділігіне қатысты көптеген заңды сұрақтар туындайды. Қалыптасқан жүйе, негізінен, ірі құрылымдарға қызмет көрсетуге бағытталған, онда да "достарға – барлығы, ал қалғанына заң бойынша" деген қағидатпен.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Оның айтуынша, мұндай жүйе экономикадағы олигополияны одан әрі күшейтеді.

Мемлекет басшысы ірі кәсіпорындар өздерінің ерекше артықшылықтарын пайдалана отырып, бәсекелестікті тұншықтырып, реформалар жүргізуге кедергі келтіретінін айтты.

Мысалы, "Қазақстанның даму банкі", шын мәнінде, қаржылық-өнеркәсіптік және құрылыс топтарынан тұратын таңдаулы тұлғалардың жеке банкіне айналған. Біз олардың бас-басына, аты-жөніне дейін білеміз. Жоғарыдағы кабинеттерге емін-еркін кіре алатындарын пайдалана отырып, олар өз жобаларын іске асыру үшін ерекше жағдайларға ие. Ал бұл жобаларға шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға пайдалануға болатын мемлекеттік ресурстар бөлінуде. Үкіметке "ҚДБ" қызметін қайта құрылымдау тапсырылады. Қазақстан Президенті
Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: