Тоқаев: Инфляцияны төмендетпей, экономикалық өсімге қол жеткізу мүмкін емес

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет ұлттық валютаның тұрақты бағамын қамтамасыз етуге басымдық беруге тиіс екенін нығарлап атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz

Президент Twitter-дегі парақшасында теңгені бекемдемей және инфляцияны төмендетпей, орнықты экономикалық өсімге қол жеткізу, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, инвесторлардың сеніміне ие болу мүмкін емес екенін жазды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы өңірлер арасындағы даму алшақтығын еңсеруге баса мән беру керектігін атап өтті. Жұмыспен қамту мәселесін шешіп, еліміздің барлық облысының әлеуметтік және мәдени дамуына жағдай жасау керек. Аймақтарда шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін