Ескі кадрлар мен жаңа Қазақстан. Көп көкейіндегі сауалға жауап берілді

Президент мемлекеттік қызмет – эксперимент алаңы емес, сондықтан бұл жұмысты бірте-бірте жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ Қазақстан үшін «политическая чистка», яғни «саяси тазалауға» барудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдыңғы жүйеде жұмыс істеп, қайтадан лауазымды қызметтерге тағайындалғандар жайына тоқталды. Президент жаңа Қазақстанды ескі кадрлармен қалай құруға болатынын айтты.

Президенттің айтуынша, кадр мәселесі - өте күрделі әрі аса маңызды.

Расында, көп нәрсе білікті кадрларға байланысты. Менің бастамам бойынша Президенттік жастар кадрлық резерві құрылды. Кадрлық резервке өткен азаматтар біртіндеп жауапты қызметке тағайындалып жатыр. Әрине, мұнымен шектелуге болмайды. Басқа да адамдарға жол ашуымыз керек. Кез келген адам бірден министр немесе әкім бола салмайды. Ол анық нәрсе. Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент кадрларға біраз уақыт пен мол тәжірибе керектігін айтты. Ондай лауазымға білімді, білікті, қызметіне адал азаматтарды тағайындаған жөн.

Бұрынғы мамандардың бәрін жұмыстан шығару дұрыс болмас еді. Орысша «политическая чистка», яғни «саяси тазалауға» барудың қажеті жоқ. Мемлекеттік басқару саласына бірте-бірте жаңа мамандар келеді. Келіп те жатыр. Бұл – қалыпты үдеріс. Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент мемлекеттік қызмет – эксперимент алаңы емес, сондықтан бұл жұмысты бірте-бірте жүргізілетінін айтты.

Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: