Президент Қайырбек Өскенбаевқа жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар ашу жөнінде тапсырма берді

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің былтырғы жұмысының қорытындылары мен биылғы атқаратын негізгі міндеттері жайында баяндалды.

Қайырбек Өскенбаев Президентке отандық өңдеу өнеркәсібін дамыта отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы айтты. Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамтитын жаңа өндіріс орындарын ашудың маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттің инфрақұрылымдарын теңдей қолжетімді қылу және отандық өндірушілерді шикізатпен қамтамасыз ету үшін министрліктің атқарып жатқан жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент құрылыс саласын дамыту және оны монополиядан тазарту, инвестиция тарту, жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар ашу, көлік әлеуетін күшейту, Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемін арттыру, сондай-ақ өнеркәсіп, көлік және құрылыс салаларын цифрландыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді