Ақордада Украинадағы жағдай талқыланды

Сурет: akorda.kz
Ақордада мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиыны өтті. Онда Украинадағы жағдайларға байланысты Қазақстанның одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Президент премьер-министр Әлихан Смайыловтың, Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың, премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың және басқа да ведомство басшыларының баяндамаларын тыңдады.

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев әскери-саяси және санкциялық текетірестердің нәтижесінде ушығуы мүмкін халықаралық ахуалға шұғыл әрекет ету үшін дағдарысқа қарсы жедел шаралар жоспарын қабылдау қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы ықтимал экономикалық қауіп пен өзге де қатерлердің алдын алу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды