Инвестициялық жобалар бойынша нақты әрі түсінікті алгоритм керек – Президент

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік секторды реформалаудың, соның ішінде мемлекеттік кәсіпорындар мен холдингтерді жекешелендіру және IPO-ға шығару жұмыстарын жалғастырудың маңызды екеніне назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне қатысты мәселеге де тоқталды.  

Бүгінде инвестиция тартудың барлық сатысында формализм мен келісімге келудің ұзаққа созылатын ішкі үдерістері әлі де басымдыққа ие екенін білеміз. Соның салдарынан инвесторлар қажетті шешімді айлап, жылдап күтіп қалады. Осыдан барып олар инвестициялық жобаларды кейінге қалдырады немесе басқа елге кетеді. Халықаралық келісімдердің мемлекеттік органдардағы кабинеттерде жатып қалуына, сондай-ақ келісімдерді ратификациялау ісінің көп жылға созылып кетуіне қатысты мысалдар жеткілікті. Бұрын солай болған, ол қазір де бар деп ойлаймын. Ал мұндай келісімдерге өзге елдерде бір-екі айдың ішінде қол қойылады. Инвестициялық жобалар бойынша нақты әрі түсінікті алгоритм керек. Кеңеске Үкіметпен бірлесіп, аталған мәселені пысықтауды тапсырамын. Президент
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды