Жаңа облыстарды құру жұмысының алгоритмі әзірленді

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысына Ұлттық экономика министрлігінің биылғы атқаратын негізгі міндеті, сонымен қатар пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытуға көшу шаралары жөнінде және оның сыртқы сын-тегеуріндерге төтеп беруіне қатысты ақпарат берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады. Әлібек Қуантыров мемлекет басшысына Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Атап айтқанда, Халықтың табысын арттыру бағдарламасы мен Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі кешенді шаралардың жүзеге асырылуы қозғалды.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауы аясында еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту жөнінде нақты міндет жүктеді. Қазір комиссия жасақталып, жаңа облыстарды құру жұмысының алгоритмі әзірленді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және жаңа жұмыс орындарын ашу, экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту, сонымен қатар тұрғындар мен кәсіпкерлерге қолдау көрсету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды