Қазақстанда майнингті нормативтік реттеу ісі қатайтылады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда майнинг пен цифрлық активтерді нормативтік реттеу ісі қатайтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, 51 майнинг ферманың заңсыз қызметіне тосқауыл қойылды, 55 ферма қызметін өздігінен тоқтатты, делінген Ақорда баспасөз қызметінің «БОРТ N1» Telegram-арнасында.

Сондай-ақ 25 қылмыстық іс қозғалып, құны 100 миллиард теңге болатын 67 мыңнан астам құрал-жабдық тәркіленді.

Бұл қабылданған шаралар еліміздегі электр қуатын тұтынуды 600 мегаватқа дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Техникалық талаптарсыз олардың энергия қуаты көздеріне заңсыз қосылу, арнаулы экономикалық аймақтардың аумағында рұқсатсыз орнатылу, сондай-ақ салық және кеден төлемдерінен; жалтару деректері анықталды.

Барлық майнинг фермаларын анықтап, салық және кеден мәселелерін тексеру, сонымен қатар шарттардың берілуіне негіз болған техникалық талаптар мен қызметтің басқа да аспектілерін зерттеу қажет. Ақорданың баспасөз қызметі

Майнинг пен цифрлық активтерді нормативтік реттеу ісі қатайтылатыны да нақтыланады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев