Президент Энергетика министрі Болат Ақшолақовты қабылдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысына еліміздің отын-энергетика кешенін дамытудың негізгі көрсеткіштері, сонымен қатар Каспий құбыр консорциумында (КҚК) қалыптасқан жағдайға байланысты қабылданған шаралар жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Энергетика министрі Президентке газ саласын дамытудың кешенді жоспарының пысықталу барысы туралы баяндады. Аталған жоспар халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтары үшін бағаны ұстап тұруды ескере отырып, сұйытылған газға баға белгілеу ісін жетілдіруді, ресурстар базасын ұлғайтуды, өңірлерді одан әрі газбен қамтамасыз етуді, Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін жаңғыртуды және кеңейтуді көздейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министріне еліміздегі жылу энергетикалық нысандарда апаттардың жиілеп кетуіне, атап айтқанда, Петропавлдағы екінші ЖЭО-дағы жағдайға қатысты мәселемен айналысуды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілі бизнестің, техниканың, ғылымның тіліне айналуда

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай