Шет мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай келіп түскен құттықтаулар президенттің ресми Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президентінің туған күніне байланысты шет мемлекеттердің басшыларынан, парламент төрағаларынан, үкімет басшыларынан және шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың, коммерциялық мекемелердің жетекшілерінен, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен құттықтаулар келіп жатыр.

Атап айтқанда, Ресей Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Халық Мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль, Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Ресей Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович, Түркі мемлекеттер ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әміреев, ТМД Атқару комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев, ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің Бас хатшысы Дмитрий Кобицкий, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Зась және басқалар құттықтау жеделхаттарын жолдады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон және Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев телефон арқылы құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін