Тоқаев: Билік барлық азаматтың мұң-мұқтажына бірдей қарауға тиіс

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Ұлытауда өтіп жатқан ұлттық құрылтайда бірнеше бағыттарды айқындап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біз ұлтты ұйыстыратын парасатты, тың идеялар мен ұсыныстарға айрықша мән беруіміз қажет. Бұл – Ұлттық құрылтайдың ең басты міндеті. Сондықтан, мынадай бағыттарға назар аудару қажет деп ойлаймын.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Жалпыұлттық бірлікті нығайту

«Демократия дәстүрі жетілген, мықты азаматтық қоғам құрамыз» деген президент бұл – стратегиялық бағыт болатынын, осы бағдарды берік ұстану керегін атап өтті.

Мемлекет басшысының сөзінше, соңғы үш жылда бұл салада біраз нәтижеге жеттік. Билік пен халық арасында мазмұнды диалог орнады.

Президент бұған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі зор септігін тигізгенін атап өтті. Сол арқылы бірқатар озық идеялар ұсынылды. Ол сондай-ақ митингілер туралы демократиялық заң шыққаны,н, партиялық сайлау тізіміне әйелдер мен жастар үшін отыз пайыздық квота енгізілгенін, қоғамдық кеңестердің жұмысы жандана түскенін тілге тиек етті.

Біз «Түрлі көзқарас, біртұтас ұлт» қағидатын берік ұстануымыз қажет. Бір-біріміздің ой-пікірімізді тыңдап, құрметтей білсек, алға қадам басамыз. Біз демократиялық реформа жасаймыз деп, мемлекетті әлсіретуге еш жол бермеуіміз керек, – деді президент.

Сонымен қатар Тоқаев «заң мен тәртіп – ішкі тұрақтылықтың бірден-бір кепілі. Онсыз қоғамның дамуы мүмкін емес. Сондықтан, бұл қағида біздің ең басты бағдарымыз болуға тиіс» екенін атап өтті.

Жалпы, отбасын асырау үшін табанды еңбек етіп жүрген, заңға бағынатын адамдар құрметке ие болуы керек. Өкінішке қарай, бізде көше бұзақылары, жауапкершіліктен жұрдай блогерлер және масылдық пиғылмен айқай шығаратын адамдар бүгінгі күннің батырына айналды. Депутаттар мен атқарушы билік өкілдері соларға ғана баса мән беретін болды. Түрлі деңгейдегі шенеуніктер солардың ғана талабын орындауға жүгіреді, – деді мемлекет басшысы.

Президент «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» көмегіне сеніп отырған, заңға бағынатын қарапайым жұрт назардан тыс қалмауы керек» екенін баса айтты.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты