Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев
Ол бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек екенін айта келіп, мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейтінін атап өтті.
Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек, – деді президент.
Сондай-ақ президент игерілмей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі комиссияның қызметіне де тоқталып өтті.
Мемлекет басшысы Комиссия жұмысының аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылғанын айтып өтті.
Жылдың соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отыр. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды.Қасым-Жомарт Тоқаев
Осы орайда президент үкімет пен әкімдіктерге келесі жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауды тапсырды.
Қазір жер мәселесін тексеруге жарияланған мораторий де күшін жойды. Бұл қадам жұмысқа оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын, – деп түйіндеді сөзін мемлекет басшысы.