Президент: Экстремизм мен терроризм күрделі мәселе және қауіп болып қала береді

Сурет: akorda.kz
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-съезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейінгі форумдардың декларацияларында радикализм, зорлық-зомбылық және қақтығыстар қатаң айыпталғанын еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, олар қандай идеяны жасырса да, мұндай әрекеттерді ешбір жағдайда ақтау мүмкін емес.

Экстремизм мен терроризм күрделі мәселе мен қатер болып қала береді. Бүгінгі қиын-қыстау кезеңде дін көшбасшыларының бір дастархан басында бас қосуы маңызды. Олар кез келген мәселеде ортақ пікірге келіп, шешім табуға болатынын күллі әлемге, адамзатқа паш етіп жатыр.Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қазақстанның ауқымды реформалар бағдарламасын қолға алғанын және оның табысы көп ұлтты және көпконфессиялы мемлекетіміздің ынтымағына, жеріміздегі бейбітшілік пен келісімге байланысты екенін атап өтті.

Біз елімізді гүлденген әрі әділетті мемлекетке айналдыру үшін Жаңа Қазақстанды құрап жатырмыз. Сондықтан біз де еліміздің саяси трансформациясын басты назарда ұстаймыз. Біздің жаңа экономикалық саясатымыз да ұлттық табысты неғұрлым әділ бөлуге және барлық халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталады.Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі жаһандық деңгейдегі өркениетаралық диалог алаңына айналғанын айтқан еді. Сонымен қатар президент цифрлық дәуірде рухани құндылықтар идеясын ілгерілетуді ұсынды.

Мемлекет басшысының айтуынша, санкциялар мен күш қолдану ешқашан проблемаларды шешуге әкелмейді, сондықтан мұндай сәттерде біз гуманитарлық идеяларға оралуымыз керек.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты