Қорытынды сөзді Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ және ағылшын тілдерінде айтты.
Қазақ жері екі күннен бері түрлі мәдениеттердің сындарлы сұхбат орталығына айналды. Дүние жүзіндегі беделді дінбасылар бір шаңырақтың астына жиналды. Сіздер барша адамзаттың күш-жігерін ортақ мүддеге жұмылдыру үшін әлемнің әр түкпірінен келіп отырсыздар. Осының өзі дінаралық келісім мен ынтымақтастықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Шын мәнінде, бәріміздің мақсатымыз – бір. Бұл – өркениеттер үндестігін орнату және бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту. Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы съезде көптеген салмақты ой, салиқалы пікір айтылғанын еске салды. Президент оның бәрі біздің үйлесімді әлем құру жолындағы іс-әрекетімізге оң ықпалын тигізеді деп санайды.
Мен алқалы жиынға арнайы келген әлемдік деңгейдегі рухани көшбасшыларға зор алғыс айтамын. Сонымен қатар біздің бастамамызға қолдау көрсеткен саясаткерлер мен халықаралық ұйым өкілдеріне шынайы ризашылығымды білдіремін. Форумды өткізуге белсене атсалысқан дипломаттарға, волонтерлерге, журналистер мен басқа да азаматтарға рақметімді айтқым келеді.Мемлекет басшысы