Google-де жұмыс істейтін қазақ қызы Президентпен кездесуде өзі туралы айтып берді

Мемлекет басшысы Нью-Йорк қаласында шетелде тұратын әрі әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істеп жатқан 400 қазақстандықты біріктіретін Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында Google-дің инженер-программисі Арай Сабыржан Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдік IT компаниядағы жұмысынан алған әсерін айтты.

2017 жылы Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде компьютер саласынан бакалавр дәрежесін алдым. 2018 жылы Сан-Францискоға келіп, стартап компанияларда біраз жұмыс істедім. Қазіргі күні Google компаниясында виртуальды машиналардың бағдарламашысы болып жұмыс істеймін. Google-дің инженер-программисі Арай Сабыржан

Отандасымыздың бұл жетістігіне өз ризашылығын білдірген Мемлекет басшысы жырақтағы талантты жастарға Отанының есігі әрдайым ашық екенін еске салды.

Айта кетсек, алдында Мемлекет басшысы Microsoft компаниясының Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша бас менеджері Мишель Симмонспен кездесті.

Әңгімелесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметін кеңейту перспективалары, оның ішінде IT зертханасын ашу және IT мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жоспары талқыланды.

20 қыркүйекте Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясының Жалпы дебатының ашылуына қатысып, сөз сөйлейді.

АҚШ Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: