Тоқаев үйінді астынан туды алып шыққан жігіттерге алғысын білдірді

Сурет: Шымкент қаласы ТЖД
27 қыркүйекте Шымкентте халықпен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көктемде стадионда болған оқиғаны еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент былтыр стадионда футбол матчы болып жатқанда спорт кешенінің шатыры тудың тұғырын басып қалғаны, сол кезде тұрғындар қауіп-қатерге қарамастан, шатырдың астынан көк байрағымызды алып шыққандар ел әлі де ұмыта қоймағанын айтты.

Қастерлі туымызды жерге түсірмей алып шыққан бірнеше жігіт бүгін ортамызда отыр. Олардың Отанға деген адалдығын жастарға үлгі етуіміз керек. Осыған орай, мен Әбілқайыр Дәулетов, Бекмұрат Қараев және Нұркен Намазға алғысымды жариялаймынҚасым-Жомарт Тоқаев

Президент отансүйгіштік осындай әрекеттен көрінетінін баса айтты.

Шынайы отаншылдық осындай әрекеттен көрінеді. Құр сөзден түк шықпайды. Алаңдарға шығып, жалған ұран тастап жүргендердің, меніңше, нағыз отансүйгіштікке ешқандай қатысы жоқ. Қасым-Жомарт Тоқаев
Шымкент
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты