Тоқаев: Орынсыз айтылған кез келген сөз өшпенділік туғызуы мүмкін

Сурет: akorda.kz
"Орталық Азия – Ресей" саммитінде сөйлеген сөзінде ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі әлемде ақпараттық кеңістіктегі келеңсіз жайттардың алдын алу жөніндегі өзара іс-әрекеттердің маңыздылығы артып келе жатқанын тілге тиек етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент цифрлық технологиялардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қарқынды дамуы жағдайында орынсыз айтылған кез келген сөз, әсіресе жастар арасында өшпенділік пен этносаралық араздық туғызуы мүмкін екенін айтты.

Соның салдарынан қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған көпжылғы күш-жігер зая кетеді. Қасым-Жомарт Тоқаев

Оның сөзінше, дау-жанжал мен дүрбелеңді болдырмау үшін салалық ведомстволар мен қоғамдық ұйымдар арасында тығыз ынтымақтастық орнатып, түсіндіру жұмыстарын барынша белсенді жүргізу керек.

Көп нәрсе біздің мемлекет қайраткерлеріміздің саяси жауапкершілігіне де байланысты.Қасым-Жомарт Тоқаев

Өкінішке қарай, кейбір елдерде серіктес мемлекеттерге қатысты арандатушылық сипаттағы сөздер айтылып жүргенін айтқан Президент "мұндай жағдай ашу-ыза туғызатыны заңдылық және деструктивті күштер үшін ұтымды болатынын" айтты.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды