Президент: Алдағы сайлау Қазақстан парламентаризмі тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы болады

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы 26 қаңтар күні Парламент сенаты жиынында сөйлеген сөзінде алдағы сайлауда партиялардың бәріне бірдей мүмкіндік берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Салмақты саяси күштер халықтың мұң-мұқтажын ескеріп, нақты мәселелерін шешуге ерекше назар аударады" деген Мемлекет басшысы өз сөзінде олар әлеуметтік маңызы бар идеялар мен бастамаларға барынша көңіл бөлетінін атап өтті.

"Еліміздегі партиялардың көпшілігінде мемлекетшілдік ұстаным бар. Бұл – жақсылықтың нышаны. Жұрт жақында өз таңдауын жасайды деп сенемін. Алдағы сайлауда партиялардың бәріне бірдей мүмкіндік беріледі. Әкімдер қандай да бір саяси ұйымға жетекшілік ете алмайды. Ата заңға енгізілген өзгеріске сәйкес Президент барлық саяси күштен тысқары тұруға тиіс".Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау жаңа әрі әділ ереже бойынша өтетінін баса айтты.

"Алдағы сайлауды Қазақстан парламентаризмі тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы деуге болады. Қоғамның түрлі өкілдерінің мүддесін партиялар арқылы қорғау мүмкіндігі артады".Қасым-Жомарт Тоқаев

Оның пайымдауынша, "мұның бәрі саяси жүйенің орнықты және тиімді болуын қамтамасыз етеді".

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды