Тоқаев "Родина" агрофирмасының бас директорымен кездесті

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэрді қабылдады. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Иван Сауэр Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық ауыл шаруашылығы ғылымын кешенді түрде жаңғырту туралы ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар еліміздің ауылдық аумақтарын дамытуға қатысты өзінің көзқарасын жеткізді.

Мемлекет басшысы дамыған инфрақұрылымымен және тұрғындарды барынша жұмыспен қамтуымен ерекшеленетін "Родина" ауылы үлгілі елді мекен саналатынын атап өтті.

Президент мемлекет тарапынан ауыл тұрғындарының табысы мен тұрмыс сапасын арттыруға айрықша көңіл бөлінетініне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл халқының еңбек өнімділігі мен жұмыспен қамту көрсеткіштерін арттыруға, сондай-ақ ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру үшін бизнес-қоғамдастықпен бірлесе әрекет ету қажет екеніне назар аударды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр