Тоқаев әйелдерді құттықтады

Сурет: akorda
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің халықаралық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Қымбатты ханымдар! Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер әлемге жылулық пен жарасым сыйлап, жақын жандарыңызды махаббатқа бөлейсіздер. Аяулы аналарымыз өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік құндылықтарды сіңіріп, оларды еңбекқор, білімпаз болуға тәрбиелейді. Бүгінде әйелдер қауымының отбасындағы, қоғам өміріндегі және мемлекетті жан-жақты дамыту ісіндегі рөлі орасан зор. Қыз-келіншектер өндірісте, шығармашылық жолында, саясат, бизнес және басқа да көптеген салада биік белестерді бағындырып келеді. Мемлекет гендерлік теңдікті сақтауға, әйелдер құқығын қорғауға және отбасы құндылықтарын нығайтуға әрдайым баса мән береді. Аналарымыз бен аруларымыздың алаңсыз өмірі – ұлтымыздың жарқын болашағының кепілі. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Әрдайым көктем күніндей жадырап жүріңіздер!".Қасым-Жомарт Тоқаев

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысып, салтанатты жиында сөз сөйледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

Конституциялық сот тұрғын үй төлемдерін қайта алуға тыйым салуды заңды деп таныды

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы