Тоқаев сайлау жөнінде: Ұлыстың ұлы күнінде қасиетті Отанымыз мүлде жаңа сипатқа ие болды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шарада сөйлеген сөзінде 19 наурыз күні өткен сайлауға да тоқталып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, "Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы – бүкіл реформаларымызды алға бастайтын өте маңызды қадам".

"Бұл сайлау – ауқымды өзгерістердің лайықты жалғасы. Осылайша, мемлекетіміз жаңа дәуірге қадам басты. Жалпы, еліміздің жаңа саяси келбеті қалыптасты".Қасым-Жомарт Тоқаев

Тарихи сәт Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келіп отырғанын тілге иек еткен Президент "мұның зор символдық мәні бар" екенін баса айтты.

"Жаңа Қазақстанның бүгінгі бейнесі Әз Наурызбен толық үндеседі, яғни Ұлыстың ұлы күнінде қасиетті Отанымыз мүлде жаңа сипатқа ие болды. Мұны дүние жүзінің көптеген елдері мойындап отыр" – деді Мемлекет басшысы.

Президент "саяси жүйесі толық жаңғырған еліміз"  тың қарқынмен дамитынын айтты.

"Бұл реформалар экономиканың өсуіне, халық табысының артуына жол ашады. Реформалар міндетті түрде жалғасын табады. Біз жан-жақты дамыған қуатты мемлекет боламыз! Бұл – негізгі мақсатымыз", – деп түйіндеді сөзін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

Конституциялық сот тұрғын үй төлемдерін қайта алуға тыйым салуды заңды деп таныды

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы