Президент Динара Сәдуақасованы қабылдады

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Астана қаласы шахмат федерациясының құрметті президенті Динара Сәдуақасованы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен шахматтан әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова елімізде шахматты дамыту жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысына Динара Сәдуақасова елімізде шахматтың танымалдылығын арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстар және келешектегі жоспары жөнінде баяндады. Оның айтуынша, балалар арасында шеберлік сағаттары мен квалификациялық турнирлер ұдайы ұйымдастырылып тұрады.

Президент Динара Сәдуақасованы былтыр жыл соңында Алматыда өткен әлем чемпионатында шахматтың рапид түрінен күміс медальға қол жеткізуімен тағы да құттықтап, шахматшыларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі шахматшыға алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі

"Сені сүйемін, Қазақстан": оңтүстіккореялық актриса Со Джу Ён Алматыдан алған әсерімен бөлісті

Президент Бас прокурорға инвестициялық омбудсмен мәртебесін беретін заңға қол қойды