Қазақстан түрмелері жасақ-барак түріндегі ұстау жүйесінен ақырындап бас тартып жатыр

Сурет: Zakon.kz
ҚР ІІМ ҚАЖК басшысы Жанат Ешмағамбетов Сенатта Қазақстандағы түзеу мекемелерінде камерамен қамту пайызы артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ешмағамбетов жалпы әлемдік стандарттарға жақындай түсу үшін жасақ-барак түріндегі ұстау жүйесінен камерада ұстау жүйесіне өту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

"Қазір елімізде камералық ұстау жүйесі сипатында тоғыз мекеме бар, онда 4 мыңнан астам адам қамауда. Жол картасына сәйкес 6 түзеу мекемесіндегі 12 тұрғын блокты қайта жаңғырту бойынша іс-шаралар енгізілген. Ағымдағы жылдың өзінде өткен жылы әзірленген жобалау-сметалық құжаттама бойынша 8 тұрғын блокты қайта жаңарту жоспарланған. Нәтижесінде жыл соңына дейін камерамен қамту пайызы 28%- ға жетеді немесе 5,5 мың адам камералық ұстау жүйесіне сәйкес орналасады". ҚАЖК басшысы Жанат Ешмағамбетов


Сондай-ақ, оның айтуынша, әзірленіп жатқан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы шеңберінде қоғаммен 2024-2028 жылдарға арналған серіктестікте мемлекеттік бюджет есебінен жаңадан құрылған облыстарда 4 заманауи тергеу изоляторларын салу, сондай-ақ МЖӘ тетігін іске асыру шеңберінде камералық ұстау жүйесіне сүйенетін 14 аралас қауіпсіздік мекемесі мен 5 тергеу изоляторларын салу көзделген.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады