Ғабит Байжанов ҰҚК төрағасының орынбасары қызметінен босатылды

Сурет: Zakon.kz
Ғабит Байжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды, делінген Ақорда хабарламасында.

Ғабит Байжанов 1992 жылы Ф.Дзержинский атындағы Қауіпсіздік министрлігінің жоғары мектебін, 1995 жылы РФ сыртқы барлау академиясын тәмамдаған. 

Оған 2018 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді.

1986-1996 жылдары ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының офицерлер құрамы лауазымдарында қызмет атқарды.

1996-2009 жылдары ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының басшылық құрамы лауазымдарында қызмет атқарды.

2009-2015 жылдары ҚР "Сырбар" СБҚ басшылығы лауазымдарында болды.

2015-2018 жылдары – ҚР "Сырбар" СБҚ Директоры

2018-2019 жылдары ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. 

2019 жылы – ҚР "Сырбар" СБҚ директоры;

2019 жылғы қазаннан бастап ҰҚК төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болып табылады.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы