Қазақстанда суға батқан мүлікті аластау ережелері күшіне енді

Сурет: pixabay
2023 жылдың 21 сәуірінен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 сәуірдегі №217 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында суға батқан мүлікті аластау ережелері күшіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қағидалардың мақсаты - суға батқан мүлікті оның меншік иесінің не Қазақстан Республикасы теңіз порттары әкімшілігінің жою тәртібін белгілеу жолымен теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Суға батқан мүлікті аластау тәртібі:

- қауіпті айқындауды,

- кеме тіркелген мемлекеттің уәкілетті органын және батып кеткен кеменің меншік иесін хабардар етуді,

- батып кеткен мүлікті жою жөніндегі құжаттаманы әзірлеуді,

- батып кеткен мүлікті жою мерзімін белгілеуді қамтиды.


"Батып кеткен мүлікті жою жөніндегі құжаттамада батып кеткен мүлікті жою тәсілі мен құралдарының сипаттамасы, іс-әрекеттердің реттілігі және оларды жүргізу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар қамтылады". ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді