Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің парасаттылығы тексерілмек

Сурет: senate.parlam.kz
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Парасаттылыққа (Integrity check) тексеру жүргізу туралы" ҚР заңы жобасына реттеушілік саясатының консультативтік құжатын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Антикоррупциялық қызметтің мәлімдеуінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шаралары жүйесіне парасаттылыққа тексеруді (Integrity check) енгізу тиімділігі жоғары және уақтылы шешім болып саналады.

"Бұл тексеру мемлекет пен халықтың мүдделеріне ықтимал залалдың алдын алуға мүмкіндік береді. Аталған институтты енгізу мемлекеттік аппараттың сапалы құрамдас бөлігін жақсартуға және азаматтардың сенімін арттыруға ықпал ететін болады", – делінген құжатта.

Заңда парасаттылыққа тексеру (Integrity check) жүргізудің мақсаттары, оны жүргізудің негізгі қағидаттары, әдістері, тестіленуші адамдардың да (кімге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр), сондай-ақ "тексерушінің" құқықтары мен міндеттері, тексеруге жататын лауазымды тұлғалардың тізбесі, тексеру нәтижелері үшін жауапкершілік шаралары көзделмек.

Тексеру жүргізілген мемлекеттік қызметшінің құқықтары мен міндеттемелері заң жүзінде бекітілетін болады:

Жаңа құралды 2024-2025 жылдары қолданысқа енгізу жоспарланған.

Құжат 16 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Қазақстан
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді