Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарға оқ атқан әскери қызметкер 7 жылға сотталды

Сурет: freepik
Алматы гарнизонының әскери сотында ҚР ҚК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша қаруды қолдану арқылы билікті асыра пайдаланғаны үшін сотқа тартылған әскери қызметші Е-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта 2022 жылы 8 қаңтарда Талдықорған қаласында сотталушы Е-нің "АҚС-74" қаруымен тоқта деген талапқа қарамастан қозғалысты жалғастырған "Тойота Королла" автокөлігіне бірнеше рет оқ атқаны анықталды. Салдарынан екі адамның денсаулығына ауыр зиян келіп, олар көз жұмған.

"Сотталушының кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелер, яғни жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, сот-баллистикалық, сот-медициналық сараптамалардың қорытындылары және заттай дәлелдемелермен дәлелденді". Алматы гарнизоны әскери сотының баспасөз қызметі

Прокурор сотталушы Е-ға түпкілікті 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады.

Сот әскери қызметкер Е-ның жасаған әрекеттері ауыр қылмыстар санатына жататынын, оны жасағаны үшін 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ жаза тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталмады. Керісінше, сотпен ауырлататын мән-жай ретінде төтенше жағдай кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны, өзі берген антын бұзғаны деп танылды.

"Е-мен жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сотталушы Е-ға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушінің пайдасына 7 млн теңге көлемінде моральдық зиян өндірілді", делінген әскери соттың хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Алматы облысы
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты