Қазақстанда обыр дертіне арналған күмәнді үндістандық дәрі-дәрмектер сатылымға шығып кете жаздаған

Сурет: pixabay
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздегі дәріханаларда отандық дәрі-дәрмектер ретінде сатуға ұсынылмақ болған Үндістаннан келетін ірі көлемдегі дәрілік заттардың контрабандалық арнасын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК мәліметтері бойынша, дәрі-дәрмектер онкологиялық ауруларды емдеуге арналған.

Сондай-ақ, комитет тек 2022 жылы Қазақстанға 1 миллиард теңгеден астам сомаға тауар әкелінгенін хабарлады.

"Өндірісі өзгертілген контрафактілік өнім тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде одан әрі өткізуге арналған", делінген хабарламада.


ҰҚК аталған қылмыстық істің фигуранттары мемлекеттік аппараттағы байланыстарын пайдалана отырып, ақшалай сыйақыға жалған құжаттар жасатып, ол бойынша еліміздің медициналық мекемелеріне дәрілік заттарды өндіруге және одан әрі тасымалдауға рұқсат алуды жоспарлағанын баса атап өтеді.


"Қазақстандық өндіріс қаптамасы ішінде, нақтысында Үндістан территориясында өндірілген, тиісті дайындау технологиясы мен сапасы расталмаған белгісіз препараттар болған. Адам өмірінің құны, осылайша қаскүнемдердің қолындағы үлкен байлыққа айналды", - деп хабарлайды комитеттегілер.

Өткізілген жедел іс-шаралар қылмыстық іс субъектілерінің Біріккен Араб Әмірліктері мен Алматыдағы мүліктерін, сондай-ақ швейцариялық банктердегі қомақты қаражатты қамтитын шоттарын анықтауға көмектесті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін