Қаскелеңнің маңында кісі толы жеңіл көлік жол апатына ұшырап, үш адам қаза тапты

13 шілдеге қараған түні Алматы-Астана тас жолында болған жол апаты кезінде үш адам мерт болды, оның бірі - 12 жасар бала, деп хабарлайды Zakon.kz.

Одан бөлек тағы төрт адам зардап шекті. 

Куәгерлердің айтуынша, жол апаты Райымбек тас жолы мен Қаскелеңнен бірнеше шақырымдағы Алматы – Астана тас жолында орын алған. Volvo маркалы манипулятор тас жолмен Астанаға қарай бет алған. Ол Райымбек тас жолынан екі шақырымдағы жүк көліктерінің тұрағына таяп, көліктерді өткізу үшін жол бойына тоқтайды.


Сурет: Zakon.kz


Куәгерлердің айтуынша, BMW 5 көлігі бар жылдамдығымен тіркемеге келіп соғылғанда, манипулятор, тіпті орнынан қозғалып кеткен. Соққының күшті болғанша сонша, жеңіл көлік жартылай тіркеме астына кіріп кеткен.


"Дүңк етіп, селт еткен ауыр жүк көлігінің жүргізушісі кабинадан түсті, автотұрақтың жанында тұрған басқа көліктердің де жүргізушілері оқиға орнына жедел жетті. Олар өз күштерімен көлікті тіркеме астынан шығарып, мыжылған көлік ішіндегі адамдарға да көмектесті, полиция мен жедел жәрдем шақырғандар да солар", - дейді куәгерлердің бірі.


Сурет: Zakon.kz


Тіркемеге келіп соғылған жеңіл көлікте жеті адам болған. BMW-дан зардап шеккен төрт адам шығарылып, Қаскелеңдегі ауруханаға жіберілді. Автокөлік жүргізушісі өте ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсті, дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын ауыр деп бағалайды. BMW-дағы тағы үш жолаушы қаза тапты, олардың арасында 2011 жылы туған бала бар.


Сурет: Zakon.kz


Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде. Неліктен жеңіл көлік жүк көлігін айналып өтпегені белгісіз. Болжам бойынша, ол қатты жылдамдықпен келе жатып, дер кезінде әрекет ете алмай қалған.

Алматы облысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: