ҚР арнаулы мемлекеттік органдарының генерал-лейтенанты Болат Баекенов дүниеден озды

Сурет: ҚР Мемлекеттік күзет қызметі
81 жасына қараған шағында еліміздің арнаулы мемлекеттік органдарының ардагері генерал-лейтенант Болат Баекенов ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабармен ҚР Мемлекетттік күзет қызметі бөлісті. 

Болат Әбдірахманұлы әр жылдары ҚР ҰҚК, ҚР ІІМ басқарды, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болды.

1997-2001 жылдары генерал-лейтенант Болат Баекенов ҚР Президент күзет қызметінің бастығы болды және оның дамуына үлкен үлес қосты.


"ҚР Мемлекеттік күзет қызметі генерал-лейтенант Болат Баекеновтің қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Болат Әбдірахманұлының жаны жәннатта болып, нұры пейіште шалқысын. Қазаның арты қайырлы болсын", делінген хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев