Алматыда көшеде қыздың бөксесіне қол тигізген курьер жазаға тартылды

Сурет: видеодан алынды
Алматыда мотоцикльмен жанынан өтіп бара жатып, қыздың бөксесінен "салып" жіберген курьер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңгер Дина Таңсәрі жігіттің 15 тәулікке қамауға алынғанын жеткізді. 

"Қалжыңдадым деп ойлап, жазаға тартыламын дегенді, тіпті басына алмаған бұл курьер келесі жолы байқастап, қолына ие болатын болады. Солай болады деп үміттенеміз", - деп жазды Таңсәрі желіде. 


Алдында Аматыда еліміздегі танымал компанияның курьері мотоцикльмен қыздың жанынан өтіп бара жатып, оның бөксесіне қолын тигізгені хабарланған. Аталған жайттың видеосын "НеМолчи.kz" қоры желіде жариялап, ол қызу талқыға түскен болатын.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев мәслихат сайлауына қатысты тапсырма берді

Атырау тұрғыны смарт-сағат үшін жанжал шығарып, үш жылға сотталды

Студент қыз сегізінші қабаттан құлап, аман қалды

Сабақтан қалу ерекше бақылауға алынады: Қазақстанда 21 қарашадан бастап жаңа ережелер енгізіледі

Ренат Айтаев президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды