Алматыда "Қайрат" ықшам ауданындағы газ желілері "ҚазТрансАймаққа" өткізіліп берілді

Сурет: Zakon.kz
Түрксіб ауданы прокуратурасының үйлестіруі кезінде Қайрат шағын ауданында орналасқан ұзындығы 10 000 метрден асатын газ құбыры трассасын жеке меншіктен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-тың балансына өткізу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының прокуратурасының мәліметінше, бұған себеп - "Қайрат" ықшам ауданында орналасқан газ құбырындағы іркілістер мен тұрғындар шағымының жиілеуі.

"Бұған себеп - тұрғындар арасында наразылық тудырған соңғы кездегі газдың жиі іркілістері мен сөндірілуі, салдарынан мемлекеттік органдарға шағымдар жиілеген. Тек биылғы жылдың өзінде аталған учаскеде газ беруде 12 іркіліс тіркелген". Алматы қаласының прокуратурасы

Сондай-ақ прокуратура жергілікті атқарушы органдар жағдайды түзеуге ықпал ете алмағанын нақтылайды.

"Түрксіб ауданының прокуратурасы желілердің жеке меншікте болғандықтан мәселені шешуде және осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың жағдайға жедел ықпал ете алмауымен қиындық тудырғанын анықтады. Газдың әлсіз берілуіне ЖШС (газ желілеріне қызмет көрсеткен) өзінің тікелей міндеттерін сапасыз орындауы, авариялық-диспетчерлік және қызмет көрсету қызметінің болмауы себеп болды". Алматы қаласының прокуратурасы

Тараптардың келісімі бойынша және шағын аудан тұрғындарының тілектерін ескере отырып, желілер "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ балансына беріліп, осы мәселені шешуге мүмкіндік берді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды