СҚО шенділері жоқ су құбыры үшін 87 млн теңге төлем жасаған

Сурет: Zakon.kz
СҚО-да ТҮШБ басшысы орындалмаған жұмыс үшін мердігерге төлем жасағаны үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуроратурасының баспасөз қызметі 21 қыркүйкте бюджеттік қаражатты пайдалану саласында жүргізілген талдау барысында мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарын дөрекі бұзушылықтар анықталғанын хабарлады.

"Мамлют ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  бөлімінің лауазымды тұлғалары "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның талаптарына қарамастан, Покровка ауылында сумен қамту объектісінің құрылысы үшін шарт бойынша көлемі 87 млн теңге, шын мәнінде орындалмаған жұмыс үшін төлем жасаған", делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісі  және Әдеп бойынша кеңестің ұсыныстары бойынша  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы мемлекеттік қызметтің атына кір келтіргені үшін босатылды, ал негізсіз төленген қаражат толық көлемде қайтарылды.

Объекті құрылысының барысы бақылауға алынды

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін