Астанада педофил қос өгей ұлын "кесте бойынша" кезекпен зорлаған

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД колонияның ішкі тәртіп режимін бұзған педофил бабымен сотталушыға қатысты жазасын өтеу мекемесін өзгертуге тура келгенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Департамент нақтылап өткендей, ол енді жазасының қалған бөлігін аса қауіпті қылмыскерлерге арналған "жабық" түрмеде өткізетін болады.

Ер адам бірнеше жыл бойы Ақмола колониясында жазасын өтеп жатқаны айтылады. 

"Бірінші күннен бастап ол өзін дұрыс ұстамады, әкімшілікке дөрекілік танытып, отрядтағы серіктестерімен сөзге келіп, байланысып, өзгелермен шешіліп сөйлеспеген. Шағын шалғай ауылда өскен. Ауылдан 30 шақырым қашықтықта орналасқан мектепте ол 7-сыныпқа дейін оқыпты, одан кейін мүлде бармай қойған. Жаз бойы қой баққан. Өсе келе қойшы бала қалаға баруды жөн көреді".Ақмола облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Астанада ер адам бір әйелмен танысып, оның қол астына кіріп алады. 

"Айгүлдің екі баласы бар (12-13 жас аралығындағы ұлдар). Күні бойы жұмыста жүретін әйел балаларының тұйықтала бастағанына бірден назар аудармаған. Белгілі болғандай, ер адам балаларды қорқытып, болған іс жайлы ауыз ашатын болса, аналарын өлтіретінін айтқан. Педофил "кесте бойынша" балаларды кезек-кезек зорлап отырған. Шамамен жантүршігерлік жағдай бір жылға созылады. Бір күні ағайындылар "кесте бойынша" кішісі қалған кезде үлкені полицияға хабар беруге уағдаласады". Ақмола облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Мекемеде болған бірнеше жыл ішінде Серік көптеген бұзушылықтар мен жазаға ие болған.

"Жабық" мекемеге жібермес бұрын аумақтық сот педофилге қызметкерді қызметтік міндеттерін орындау кезінде қорлағаны үшін 40 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салды". Ақмола облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: