Ресейліктер Қазақстанның үш қаласында ЖЭО салады: Үкімет қаулысының жобасы

Сурет: Zakon.kz
ҚР Үкіметі қаулысының "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстанның аумағында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жылу электр орталықтарын салу жобалары туралы келісімге қол қою туралы" жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келісім Тараптардың ынтымақтастық шарттарын Қазақстан Республикасының аумағында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жылу электр орталықтарын салу жобаларын іске асыру бойынша, жобалау, дайындау бойынша жұмыстарды орындауды қоса алғанда жобалардың әрқайсысы үшін талап етілетін және келісілген көлемде, сондай-ақ жеңілдікті қаржыландыруды немесе мемлекеттік экспорттық кредитті ұйымдастыру бойынша барлық талап етілетін жобалармен жүйелермен, ғимараттармен және құрылыстармен жаңа электр станцияларын салу және пайдалануға беру бойынша айқындайды.

Жобаларды іске асыруға жауапты уәкілетті ұйымдар:

Жобалар мынадай кезеңдер шеңберінде іске асырылады:

Жаңа электр станцияларын іске қосқаннан кейін тапсырыс беруші электр станцияларын пайдалануды және оларды пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес техникалық қызмет көрсетуді іске асырады.

Келісім энергетикалық қауіпсіздікті сақтауға және ел экономикасы мен халқын сенімді электрмен жабдықтауға бағытталған.

Қаулы жобасы 28 желтоқсанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады