2023 жылы отандастарымыз алаяқтықтың қандай түрлерімен бетпе-бет келді

Жыл өткен сайын интернет-алаяқтықтың небір түрлері пайда болуда. Тіпті көзі ашық деген адамдардың өзі де қаскөйлердің құрбандығына айналып жатыр. Сонымен 2023 жылы қазақстандықтар алаяқтықтың әсіресе, қандай жаңа түрлеріне жиі тап болғаны туралы Zakon.kz материалынан оқи отырыңыз.

Банк қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының атын жамылған зиянды вирустары бар қаскөй сілтемелер, туысқандар атынан соғылған зәре ұшырар қоңыраулар – міне, биыл қазақстандықтар интернет-алаяқтықтың дәл осындай түрлерімен жиі бетпе бет келген. Дегенмен елдің көпшілігі мұның айлакерлік екенін дер кезінде сезе білген. Алайда, биыл отандастарымыздың қаражатын жымқыруды көздеген алаяқтықтың жаңа тәсілдері көптеп таралды. Соның кейбір түрлері туралы толығырық баяндайық.

Алдымен қайырымдылықтың атын жамылған алаяқтықтар туралы айту керек. Әсіресе, мәселе ауыр дертке шалдыққан балаларға тірелгенде, бұл талай адамды бей-жай қалдырмайтындықтан, алаяқтар осыны барынша пайдалануға тырысады. Адамдардың эмоциясымен ойнап, жанашыршылығын ояту үшін олар танымал адамдар мен блогерлерді тарта отырып, "емге" ақша жинау мақсатында толқытпай қоймайтын хабарландырулар жасап жатады. Бірақ, өкінішке қарай оның көбі өтірік. Алаяқтар ауру балалардың суреттерін интернеттен алады да, олар туралы өтірік өмірбаян, жан тебірентерлік аянышты оқиғалар құрастырады. Оның үстіне интернет-қылмыскерлер көбінесе өмірде болмаған қайырымдылық қорларының атын пайдаланып жатады.

Сондықтан осындайлардың қармағына түсіп қалмау үшін барлық кезде жоғарыдағыдай оқиғалардың рас-өтірігін тексеріп алған жөн. Аты көрсетілген қорларға хабарласу қажет, егер алаяқ нақты бір қайырымдылық ұйымының атын жамылып отырса, онда қаражат аудармас бұрын сол қордың реквизиттерін мұқият салыстырып алғанның артықтығы жоқ.

Қарызға ақша сұрау

Фишингтік деген атауға ие болған шабуылдар түрі биыл тағы да кеңінен тарады. Вирусы бар қаскөй сілтемелер арқылы алаяқтар құрбандығының мессенджеріне қол жеткізіп, аздаған ақшаны қарызға бере тұруды өтірген хабарламаларды тарата алады. Алайда, сұраған ақшаны көрсетілген алаяқтық шотқа жіберу керек. Ал телефонға вирус әртүрлі қауіпті вирусы бар дыбыстық жазбалар, тест немесе конкурстар түрінде түсе береді.

Сондықтан туысқандардың немесе достардың атын жамылған кез келген күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, хабарландыруларды ашпаңыз. Ал жаңағы адамдарға алаяқтық қаупі болғаны туралы ескертіп қойыңыз.

Жүргізуші куәлігін саудалау

Алаяқтар шеберлікпен пайдаланып жүрген қысмыстық кестенің тағы бір түрі – емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алу. Қаскөйлер емтихан тапсырмай-ақ және оқымастан жүргізуші куәлігін алуға болатыны туралы еліктіретін хабарландырулар жариялайды, бірақ ол үшін бар болғаны жеке деректеріңіз бен нақты бір соманы жіберуіңіз қажет. Алаяқтар мұндай жағдайда тек қана сіздің ақшаңызды жымқырып қана қоймайды, оған қоса өз мақсаттарына қол жеткізу үшін сіздің жеке мәліметтеріңізге де қол жеткізе алады.

Әлбетте, бүгінгі таңда жүргізуші куәлігіне ие болу үшін экзамен тапсырудан басқа заңды жол жоқ екені баршаға аян.

Алаяқтарға қарсы амалдар

Ақшаңыздан айырылып қалмау үшін бірінші кезекте ұстанатын бірнеше алтын қағида:

Өз қаражатыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болатыны туралы толығырақ ақпаратты zakon.kz порталындағы Отбасы банктің – "Алаяқтардан сақ болыңыз" арнаулы айдарынан оқып-біле аласыз.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: