Ақтөбе облысында мас күйінде көлік жүргізген әкімнің орынбасары ұсталды

Сурет: freepik
Ақтөбе облысында аудан әкімінің орынбасары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйтеке би аудандық сотында аудан әкімінің орынбасары К-ға қатысты ішкі істер органдары қызметкерлерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару фактісі (ҚР ӘҚБтК 613-б., 4-б.) бойынша әкімшілік іс қаралды.

"Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылы 9 наурызда К. Jac автокөлігін басқару кезінде полиция қызметкерлерімен тоқталған. Тәртіп сақшыларының белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамаудан бас тартты", деп хабарлайды Әйтеке би аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот отырысында шенеунік кінәсін мойындамай, денсаулық жағдайына байланысты куәландырудан өте алмағанын көрсетті.

К.-нің әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны іс құжаттарымен, бейнежазбамен, К. куәландырудан өтуден бас тартқанын баяндаған аурухана қызметкерлері мен дәрігер-наркологтың жауаптарымен расталады. Медициналық қорытынды бойынша шенеуніктің денсаулық жағдайы қалыпты екені анықталды.

Соттың қаулысымен әкімнің орынбасары кінәлі деп танылды.


"Оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды".Әйтеке би аудандық сотының баспасөз қызметі

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты