Астанада такси жүргізушілерін иектейтін алаяқ келіншек ұсталды

Сурет: pxhere
Астанада полицияға екі такси жүргізушісі арызданып, өздерін бір әйелдің алдап соққанын айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, такси жүргізушілерінен қаскүнем қоңырау шалу үшін телефондарын сұрап алып, содан кейін танымал такси қосымшасындағы бонустарын өзінің банктік шотына аударып алған.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полицейлер бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталған 28 жастағы әйелді анықтады. Сонымен қатар әйелдің басқа такси жүргізушісінен барсетканы ұрлағаны анықталды, оның ішінде жәбірленушінің құжаттары, сымсыз құлаққап, ақша және сағат болған. Ұрлық пен алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған әйел Астана қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды", делінген хабарламада.

Жалпы келтірілген шығын көлемі – 300 мың теңге.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді. 

Айта кетсек, 24 шілдеде Шымкентте Түркияға қашпақ болған ер адам ұсталды.

Алаяқтардан сақ болыңыз
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды