Шымкентте Түркияға қашпақ болған ер адам ұсталды
Сурет: polisia.kz
Шымкентте іздеуде жүрген ер адам ұсталды. Тексере келгенде, ол ұсынған төлқұжат жалған болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің жедел қызметкерлеріне еліміздің аумағында жасырынған көрші елдің азаматы туралы ақпарат келіп түскен.
"Ол өз елінде аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген. Деректерді тексеру барысында іздеуде жүрген қылмыскер Шымкент қаласында ұсталды. Оның Қазақстан аумағына заңсыз кіргені анықталды. Одан Орталық Азия елдерінің бірінің жалған құжаты тәркіленді. Бұл құжат бойынша ер адам шекарадан әрі өтіп, Түркияда жасырынбақ болған. Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауға алынды", делінген хабарламада.
Белгіленген тәртіппен оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатқаны да нақтыланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript