Шымкентте аса қауіпті қылмыскер ұсталды

Өзбекстан азаматы, қылмыскер, күдікті, қылмыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2023 17:50 Сурет: Zakon.kz
Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, көші-қон қызметі қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірлесіп, Қазақстанда заңсыз жүрген 34 жастағы шетелдікті ұстады. Ол Өзбекстанның құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген.

Сурет: polisia.kz

"Көрші елдің тәртіп сақшыларының бағыттамасында ер адам 2022 жылы алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланғанын және қарулы болуы мүмкін екенін көрсетеді. Ұсталған азаматтан қару-жарақ табылмаған", - делінген хабарламада.

Ол қазір қамауда отыр. Оны Өзбекстанға экстрадициялау жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: