Таразда әйел адам көпірден секіріп кетті

Сурет: unsplash
Таразда әйел адам көпірден өзенге секіріп, өз өмірімен қош айтыспақ болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 тамызда Тараз қалалық ПБ кезекші бөліміне бір адамның көпірден секіру арқылы өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері әйелді райынан қайтару үшін бар күш-жігерін салды. Соған қарамастан әйел көпірден секірді. Осы кезде полиция қызметкері оны киімінен ұстап қалды. Алайда көп ұзамай әйел адам суға құлады.

"Жедел әрекетке көшкен полиция лейтенанты Әлиайдар Рысмұхамбетов қатты ағысты өзенге секіріп түседі. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкері және жақын маңдағы жергілікті тұрғынмен бірге әйел құтқарылып, жағаға шығарылды. Құлаған кезінде оның футболкасы жыртылған, сондықтан полиция қызметкері оған қамқорлық көрсетіп, өз киімін кигізген". Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Әйел өзінің шарасыз әрекетіне отбасылық жанжалдың себеп болғанын айтқан. Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы әйелге қажетті медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті