Түркістан облысында үш еркек жас жігітті жабыла сабап, мерт қылды

Сурет: pixabay
Түркістан облысының Ақсукент ауылында мас үш ересек адам жас жігітті аяусыз соққыға жыққан. Жәбірленуші миына қан кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz мәліметінше, қайғылы оқиға орын алар алдында қаскүнемдер қаза тапқан жігіттің көлігін тартып алып, Шымкентке тартқан.

"Қылмысқа қатысушылардың бірі соққыға жығылған жас жігітті видеоға түсіріп, оны анасы мен досына жолдаған, бірақ олар ешқандай әрекет жасамаған. Марқұмның туыстарының айтуынша, полиция күдіктілердің біреуін ғана ұстаған", делінген хабарламада.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жәбірленушінің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, оның аясында оқиғаға қатысушылардың барлығының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Сондай-ақ, қылмысты жасырған адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда", – деді полициядағылар.

Тергеу мүддесі сай өзге қосымша ақпарат жария етуге жатпайды.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді