2024 жылы 7 шілдеде Қостанай облыстық балалар ауруханасына Рудныйдан "денедегі бөтен зат" диагнозымен үш жасар бала келіп түсті.
Рентгенограммада бір-біріне жабысқан 10 дөңгелек магнит көрінді. Олардың бірнешеуін дәрігерлер өз бетімен ала алды, қалғандарын хирургиялық жолмен алу туралы шешім қабылданды, бірақ 10 шілдеде бала ота кезінде жан тапсырды.
"Қостанай қалалық полициясының солтүстік бөлімінде 10 магнит тасты жұтып қойған кішкентай Сашаның өлімі фактісі бойынша дәрігерлерге қатысты қылмыстық істің тіркелуіне қол жеткіздік. Енді сот-медициналық сараптама және фармацевтикалық бақылау комитетінің қорытындысы негізінде тиісті медициналық көмек көрсетпеген дәрігерлерге қатысты тергеу жүргізілетін болады", – деп жазды отбасының адвокаты Дамир Хамитов Facebook-те.
Іс ҚР ҚК-нің 317-бабының 3-бөлігі, "Абайсызда адам өліміне әкеліп соққан медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы" бойынша СДТБТ-да тіркелді.
Бұған дейін адвокат баланың өлімі фактісі бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің мамандары жүргізген тексеру қорытындысын жариялаған. Онда балаға диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларын бұза отырып, емдеу шаралары дұрыс жасалмағаны көрсетілген.
2024 жылы 20 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының 25 жастағы тұрғыны гаражда босанып, жаңа туған сәбиді қорапқа салып, сол араға тастап кеткен.