Ақмола облысында әкімдік аппаратының қызметкері пара алып жатқан жерінен ұсталған

Сурет: Facebook/Ақмола соттары
Ақмола облысында қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасауға оқталғаны үшін аудан әкімі аппаратының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот жария өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сотталушы Б. шаруа қожалығының басқарушысы А-дан залал сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап бермеу үшін 2 млн теңге сомасында ақшалай сыйақы талап еткен", делінген Біржан сал аудандық сотының хабарламасында.

Сондай-ақ сотта ескіру мерзімінің өтуіне байланысты Б-ның сотқа талап қоюға құқығы болмағаны анықталды.

"Бұдан бөлек, бұрын сот шешімімен залалды өтеу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартылғаны Б.-ға белгілі болған. Осылайша, Б. өзінің қызмет бабын пайдаланып, А-ны шатастырған", делінеді хабарламада.

Ол 1 млн теңге алу кезінде ұсталған.

Сот үкімімен Б-ға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, ұрланған мүліктің 7,5 есе мөлшерінде (15 млн,тенге) айыппұл тағайындалды.Заңнама мен қылмыстық-жазалау әрекеттері үшін жауапкершілікті түсіндіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында үкімді жария ету ауыл округтерінің әкімдері мен аудан әкімдігі аппаратының бөлім басшыларының қатысуымен өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды